Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 325 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 339 бұйрығымен бекітілген Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2025 жылғы
  "09" желтоқсандағы
  № 325 қаулысына
  қосымша

Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі

Сумен жабдықтаушы ұйымның атауы

Сумен жабдықтау жүйесінің атауы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның "Есіл су" филиалы

Булаев топтық су құбыры

Преснов топтық су құбыры

Соколов топтық су құбыры

Есіл топтық су құбыры

 
"Жамбыл су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

"Екатериновка – Сәбит – Святодуховка – Зеленая Роща – Светлое – Чапаевка" топтық су құбыры

"Пресноредуть – Нұрымбет – Макарьевка"
топтық су құбыры

"Озерное – Бауман – Қарақамыс – Жаңажол" топтық су құбыры

"Калиновка – БудҰнное – Кабань" топтық су құбыры

"Благовещенка" жергілікті су құбыры

"Үлгі" жергілікті су құбыры

"Майбалық" жергілікті су құбыры

"Богдановка" жергілікті су құбыры

"Амангелді" жергілікті су құбыры

"Петровка" жергілікті су құбыры

"Рождественка" жергілікті су құбыры

"Қызылту Су Арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

"Есдәулет жер асты кен орны" жергілікті су құбыры

"Тарлан 2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

"Новоишимское" жергілікті су құбыры

"Рузаевка" жергілікті су құбыры

"Чистополье" жергілікті су құбыры

"Камкор Есиль" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі

"Корнеевка" жергілікті су құбыры


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады