Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 339 бұйрығымен бекітілген Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Ғ. Нұрмұхамбетов |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| әкімдігінің 2025 жылғы | |
| "09" желтоқсандағы | |
| № 325 қаулысына | |
| қосымша |
Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі
Сумен жабдықтаушы ұйымның атауы | Сумен жабдықтау жүйесінің атауы |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның "Есіл су" филиалы | Булаев топтық су құбыры |
Преснов топтық су құбыры | |
Соколов топтық су құбыры | |
Есіл топтық су құбыры | |
| "Екатериновка – Сәбит – Святодуховка – Зеленая Роща – Светлое – Чапаевка" топтық су құбыры |
"Пресноредуть – Нұрымбет – Макарьевка" | |
"Озерное – Бауман – Қарақамыс – Жаңажол" топтық су құбыры | |
"Калиновка – БудҰнное – Кабань" топтық су құбыры | |
"Благовещенка" жергілікті су құбыры | |
"Үлгі" жергілікті су құбыры | |
"Майбалық" жергілікті су құбыры | |
"Богдановка" жергілікті су құбыры | |
"Амангелді" жергілікті су құбыры | |
"Петровка" жергілікті су құбыры | |
"Рождественка" жергілікті су құбыры | |
"Қызылту Су Арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "Есдәулет жер асты кен орны" жергілікті су құбыры |
"Тарлан 2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "Новоишимское" жергілікті су құбыры |
"Рузаевка" жергілікті су құбыры | |
"Чистополье" жергілікті су құбыры | |
"Камкор Есиль" жауапкершілігі | "Корнеевка" жергілікті су құбыры |