2025 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 4/793 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 141-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтер бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

  Алматы қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" __________
  № ___ қаулысымен бекітілген

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге арналған тарифтер

Атауы

1 қызмет алушыға ай сайынғы тарифтердің мөлшері (теңге)

1.

Психакалық-неврологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

304 616

2.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

309 506

3.

I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету

289 392

4.

Он сегіз жастан асқан психакалық-неврологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету

343 353

5.

Жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

177 729

6.

Он сегіз жастан асқан психакалық-неврологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

548 769

7.

Адам саудасының құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

236 041

8.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

473 331


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады