Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 3/626 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 4/704 қаулысы

      Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2025 жылдың 11 қыркүйектегі №3/626 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:

      14 тармақ келесі мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3 тармақшалармен толықтырылсын;

      "7-1) жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін, арықтарды, көше-жол желілерін және қасбеттен қасбетке дейінгі жасыл аймақтарды, аялдама кешендерін күтіп-ұстау және қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;

      7-2) қоршаған ортаға ағаштарды, бұталарды, бұталы қоршауларды шабу, қырқу, кесу мен отырғызу және оларды өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру;

      7-3) аттракциондардың, балалардың ойын алңдарына араналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;".

      2. "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және түрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) құрылтай құжатына енгізілген толықтырулар туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №3/626 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулының орындалуын бақылау Алматы қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады