Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 және 37-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 11-ө өкіміне сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, сондай-ақ Павлодар ауданында қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкім | Д. Ибраев |
Павлодар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "29"_қырқүйек № 261/9 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар
орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Қоғамдық жұмыс объектілері | Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 | "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
2 | "Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
3 | "Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
4 | "Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
5 | "Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
6 | "Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
7 | "Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
8 | "Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
9 | "Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
10 | "Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
11 | "Павлодар ауданы Шақат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
12 | "Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |
13 | "Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; Бұталарды кесу; |