Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 122/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 233/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 122/1 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. К. Жамбайбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2025 жылғы "___" _________
№ ____ қаулысына
қосымша
  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы 11 мамырдағы
№ 122/1 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ММ) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, экономика және бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.

      10. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы мемлекеттік тілде:

      "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление экономики и бюджетного планирования Павлодарской области".

      12. Павлодар облысының әкімдігі "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
ММ міндеттері, мақсаттары, мәні және өкілеттіктері

      16. Міндеттері:

      1) Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру;

      2) Павлодар облысының бюджеттік және инвестициялық саясатын қалыптастыру;

      3) облыстың жергілікті мемлекеттік басқаруының тиімді құрылымын қалыптастыру;

      4) өңірлік даму саласындағы саясатты іске асыру.

      17. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ мақсаттары болып:

      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;

      2) мемлекеттің экономикалық және бюджеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша атқарушы органдарды үйлестіру;

      3) облыстық бюджеттің орта мерзімді кезеңге болжамды көрсеткіштерін жоспарлау табылады.

      18. Экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелеріндегі мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ қызметінің мәні болып табылады.

      19. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1-1) Павлодар облысы әкімдігі мен әкімінің қарауына:

      Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиясы;

      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар бойынша, олардың қабылдаған актілеріне өзгерістер енгізу немесе Павлодар облысының қолданыстағы даму стратегиясын іске асыруға кедергі келтіретін актілердің күшін жоюға ұсыныстар енгізу туралы;

      1-2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың келісімі бойынша "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      1-3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын орындау және қолдану бойынша тапсырмалар беру;

      1-4) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың басшыларымен келісім бойынша олардың мамандарын жұмысқа тарту;

      1-5) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;

      1-6) облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін барлық инстанциялардың соттарында, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда және өзге ұйымдарда қолданыстағы заңнамамен белгіленген құзыреттер шегінде білдіру;

      1-7) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.

      2) Міндеттері:

      2-1) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде ресми сұрау жағдайында қажетті материалдар мен ақпарат ұсыну;

      2-2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      2-3) қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      20. Функциялары:

      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын қалыптастыру;

      2) қалалар мен аудандар бөлінісінде үш жылдық кезеңге арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, соның ішінде бюджеттік параметрлерді және облыстың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін әзірлеу, нақтылау;

      3) Облыстың әлеуметтік-даму болжамының жобасын облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу және оны қарастыру нәтижелері бойынша түзету;

      4) облыс әкімдігінің Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын бекіту бойынша қаулы жобасын қалыптастыру;

      5) облыс атқарушы органдарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, соның ішінде жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысын әдіснамалық сүйемелдеу, үйлестіру;

      6) Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингілеу;

      7) облыстың, қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты мониторинг жүргізу;

      8) облыс атқарушы органдарының Облысты дамыту жоспарын әзірлеу, түзету бойынша жұмысын үйлестіру;

      9) облыс атқарушы органдарының облыстың қалалары мен аудандары бөлінісінде Облысты дамыту жоспарының жоспарлы мәндерін әзірлеу, жинау, талдау және бекіту бойынша жұмысын үйлестіру;

      10) Облысты дамыту жоспарының жобасын қалыптастыру және оны орталық мемлекеттік органдарға келісуге жолдау;

      11) Облысты дамыту жоспарын бекіту туралы облыс әкімдігінің қаулы және облыстық мәслихат сессиясының шешім жобасын дайындау;

      12) Облысты дамыту жоспарының жобасын облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу және оны қарастыру нәтижелері бойынша түзету;

      13) Облыстың дамыту жоспарын іске асыру бойынша инвестициялық жоспарды әзірлеу, түзету;

      14) Облыстың дамыту жоспарының және оны іске асыру жөніндегі инвестициялық жоспардың мониторингі;

      15) орталық уәкілетті органға қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша хабарлама (қарсылық) дайындау;

      16) облыстың жергілікті атқарушы органы анықтайтын тәртіпте кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшартқа толықтыру жобасының экономикалық сараптамасын жүргізу;

      17) облыс әкімдігі, әкімі, орталық атқарушы органдар актілерінің жобаларына олардың экономикалық жағынан орындылығы және ел мен облыстың экономикалық, әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларына, қолданыстағы бюджет және өзге заңнамаға сәйкес келу тұрғысынан қорытынды дайындау (құзыреті шегінде);

      18) жергілікті атқарушы органдарды басқару құрылымы және сұлбасы бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;

      19) жергілікті атқарушы органдардың құрылымы, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат саны лимитін бөлу бойынша облыс әкімдігінің қаулылары жобаларын әзірлеу және келісу;

      20) атқарушы органдардың кезекші көлігінің лимитін бөлу бойынша облыс әкімінің өкім жобасын әзірлеу және келісу;

      21) облысты басқару сұлбасының жобасын әзірлеу және келісу;

      22) облыстық бюджеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      23) облыстық деңгейде бюджеттік процеске әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      24) үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерге болжам жасау;

      25) шығыстарға шолу жүргізу бойынша атқарушы органдардың жұмыстарын әдістемелік сүйемелдеу, үйлестіру;

      26) облыстық бюджеттік бағдарламалар және жаңа бастамаларға лимиттер бойынша шығыстардың жоспарлы кезеңге арналған лимиттерін анықтау және оларды әкімшілеріне жеткізу;

      27) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік сұрауларын қарау және олар бойынша қорытындылар дайындау;

      28) бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламаларды бекіту және қайта бекіту бойынша облыстық әкімшілердің бұйрықтар жобаларына қорытындылар дайындау;

      29) жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      30) облыстық бюджеттің жобасын (облыстық бюджетке өзгерістер) облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу және оны қарастыру нәтижелері бойынша түзету;

      31) жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылғы кезеңге арналған көлемдерін анықтаған кезде қалалар мен аудандар бюджеттерінің болжамды параметрлерін есептеу;

      32) облыстық бюджетті бекіту, облыстық бюджет және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері, облыстық бюджетті нақтылау және құзыреті шегінде басқа да мәселелер туралы облыс әкімдігі қаулыларының және облыстық мәслихат сессиялары шешімдерінің жобаларын дайындау;

      33) облыстық мәслихат сессияларының бюджет мәселелері бойынша шешімдерін іске асыру туралы облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу, соның ішінде объектілер бөлінісінде инвестициялық жобалардың, сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бөлінісінде жоспарлы кезеңге арналған нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін әзірлеу;

      34) облыстық бюджет және басқарманың құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша баяндамалар, түсіндірме хаттар, ақпараттық-талдамалық материалдар және анықтамалар дайындау;

      35) тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті консультациялық сүйемелдеуді және әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу үшін жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;

      36) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы салааралық үйлестіруді және әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;

      37) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік инвестициялық жобаларының инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;

      38) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау;

      39) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізу үшін жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаны тарту;

      40) жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды мониторингілеу және бағалауды жүргізу үшін жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаны тарту;

      41) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының конкурстық құжаттамаларын және шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде келісу;

      42) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындау үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау;

      43) шекара маңындағы аумақтарды дамытуды мониторингілеу;

      44) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және ауылдық аумақтарды, моноқалаларды және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігінде жоспарлаудың басқа да құжаттарын іске асыруды мониторингілеу;

      45) аумақтарды дамыту мәселелері бойынша облыс, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының қызметін әдіснамалық сүйемелдеу, үйлестіру;

      46) облыс ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

      47) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдарды мониторингілеу және үйлестіру;

      48) облыс ауылдық елді мекендерінің Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес келуіне талдау жүргізу;

      49) Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімінің тапсырмаларын орындау туралы ақпараттарды және жиынтық есептерді дайындау (құзыреті шегінде);

      50) депутаттардың, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің сұрауларына жауаптар (жауаптар жобаларын) дайындау (құзыреті шегінде);

      51) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде іс жүргізу;

      52) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;

      53) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтен өтуіне байланысты мәселелерді іске асыру;

      54) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ ақпараттық ресурстарды және жүйелерді пайдалану бойынша қызметін үйлестіру;

      55) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ ақпараттық ресурстар жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      56) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша есеп-қисап жасау және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу;

      57) бухгалтерлік есепті және есеп-қисаптың дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, бекіту және орындау;

      58) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ мүлігін түгендеу жүргізумен, сондай-ақ оларды заңнамамен белгіленген тәртіпте есептен шығару және/немесе беру үшін құжаттарды ресімдеумен сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

3. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ басшылықты "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      22. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ бірінші басшысын облыс әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      23. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      24. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды;

      2) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

      4) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ынталандырады, оларға материалдық көмек көрсетеді, тәртіптік жаза қолданады;

      5) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулық береді;

      6) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік түріне қарамастан өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ атынан өкілдік етеді;

      8) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      9) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды және оған дербес жауап береді.

      "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.

      26. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.

4. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы" ММ мүлкі

      29. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ меншік қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      30. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      31. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      32. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ қайта ұйымдастыру және тарату (жою) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады