Павлодар облысы Павлодар, Ақсу қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 2 бірлескен қаулысы және Павлодар облысы мәслихатының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 201/22 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 21 ақпандағы және 2025 жылғы 19 наурыздағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақтар халқының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласының келесі көшелері:

      Молодежная көшесі Сержан Қанапиянов көшесіне,

      Молодогвардейцев көшесі Рамазан Тоқтаров көшесіне қайта аталсын.

      2. Ақсу қаласының келесі көшелері:

      Проезд 1 көшесі Жібек жолы көшесіне,

      Проезд 2 көшесі Шаңырақ көшесіне,

      Проезд 3 көшесі Жеңіс көшесіне,

      1 линия көшесі Береке көшесіне,

      2 линия көшесі Талапкер көшесіне,

      3 линия көшесі Бейбітшілік көшесіне,

      4 линия көшесі Жастар көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы С. Батыргужинов
      Павлодар облыстық
      мәслихатының төрағасы И. Теренченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады