БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті туралы ережеге, аталған бұйрықпен бекітілген (бұдан әрі - Ереже):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тапсырмалар:
1) ТЖ алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) Комитет құзыреті шегінде мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету.
3) Комитет қызметін ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету;
4) Комитетте жобалау қызметін жүргізу;
5) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ның мониторингі мен болжау мәселелерінде үйлестіру мен басқаруды жүзеге асыру;
6) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру;
7) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.";
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу;
17) Комитет құзыреті шегінде бейінді халықаралық ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіру;
18) Комитет құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) халықты және аумақты ТЖ-дан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыруға қатысу;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) ТЖ алдын алу саласында әлемдік тәжірибе мен халықаралық практиканы зерделеуді, қорытуды, талдауды және қолдануды жүзеге асыру;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, ТЖ алдын алу жөніндегі шаралар туралы хабардар етуді ұйымдастыруға қатысу;";
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) ТЖ саласындағы жерүсті және ғарыш мониторингі (қадағалау, болжау, бақылау қызметтері) жүйесінің өзара іс-қимылын ұйымдастыруға және жай-күйін және дамуын талдауға қатысу;";
23) тармақша алып тасталсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"26) ТЖ алдын алу саласындағы Министрліктің аумақтық органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өзара іс-қимылын және қызметтік жұмысын бақылауды ұйымдастыруға қатысу;";
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"28) мониторинг жүйелерінен ТЖ қаупі мен туындауы туралы ақпарат алмасу жөніндегі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, оның ішінде жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып, мәселелер бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қатысу;";
мынадай мазмұндағы 30), 31), 32), 33), 34), 35),36) және 37) тармақшалармен толықтырылсын:
"30) сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;
31) сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі масштабты карталарын және сейсмикалық тәуекел карталарын әзірлеу және қолдану қағидаларын әзірлеу;
32) мұздақ және мұздық көлдердің қауіптілігін төмендету жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мониторингі;
33) Қаржы-шаруашылық қызметті қоспағанда, "Қазселденқорғау құрылыс" мемлекеттік мекемесінің, "Селденқорғау құрылыс" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, "Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы басшылық бөлігінде, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы" мемлекеттік мекемесінің ғылым бөлігінде жұмысты үйлестіру және бақылау;
34) ақпараттық-сараптамалық қызметті қамтамасыз ету:
Комитеттің ақпараттық-сараптамалық жұмысын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
ТЖ-ның Автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесінің деректерін пайдалана отырып, Комитеттің сараптамалық қызметін ұйымдастыру;
Министрліктің құзыреті шегінде ТЖ-ның алдын алу мәселелері бойынша сараптамалық ақпаратқа мониторинг жүргізу;
ТЖ алдын алу мәселелері бойынша озық шетелдік тәжірибені зерделеу мақсатында шетелдік мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, халықаралық, үкіметтік емес, ғылыми және оқу ұйымдарымен, қауымдастықтармен, қоғамдық бірлестіктермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, нығайту және тәжірибе алмасу;
35) Комитетте жобалау қызметін жүргізу:
Комитеттің жобалау қызметін жоспарлау және ұйымдастыру, жобалау жоспарларын әзірлеу, мақсаттарды, мерзімдерді, ресурстарды және күтілетін нәтижелерді айқындау;
ТЖ-ның алдын алу саласындағы жобаларды қалыптастыру және жүргізу;
Министрлік басшылығының қарауына жобаларды жаңарту және жобалардың мерзімдері, сондай-ақ жобаларға бастамашылық жасау, оларды тоқтата тұру және тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу;
жобалардың тәуекелдерін басқару және оларды барынша азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
36) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді үйлестіру;
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, ғылым саласындағы ғылыми-технологиялық саясатты және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруді әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
тиісті салада іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
Министрліктің Ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыруға қатысу;
Министрліктің ведомстволық бағынысты ғылыми-зерттеу ұйымдары басшыларының аралық есептерін тыңдауды ұйымдастыру;
табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу саласындағы ғылыми ұйымдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді Министрлік басшылығына бекітуге енгізу;
ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін ғылым саласындағы уәкілетті органға кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізу;
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырыстарына арналған Министрлік басшылығына материалдар дайындау;
ғылым саласындағы уәкілетті органға іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын базалық қаржыландыру субъектілерінің және ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
тиісті салада ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысу;
ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысу;
Комитет құзыреті шегінде шетелдік мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, халықаралық, үкіметтік емес, ғылыми және оқу ұйымдарымен, қоғамдастықтармен, қоғамдық бірлестіктермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, нығайту және тәжірибе алмасу;
заңнамаға сәйкес ғылыми ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Комитет құзыреті шегінде құзыретті мемлекеттік органдар, ұйымдар жүзеге асыратын табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау жөніндегі түрлі әдістер мен әдіснамаларды, оның ішінде халықаралық және үкіметтік емес, ғылыми қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер олардың ақпараттық жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып мониторингті жүзеге асыру;
"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
37) Комитетте болжау мәселелерін үйлестіру;
табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ның мониторингі мен болжау бөлігінде Министрліктің аумақтық органдарының, ведомстволары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының жұмысын үйлестіру;
гидротехникалық құрылыстардың тізілімі, нәтижелері техногендік және табиғи сипаттағы ТЖ-ның туындау тәуекелдерін бағалау үшін оларды зерттеу және қауіпсіздік регламенттері туралы мәліметтерді сұратады;
табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ның мониторингі, болжау саласындағы өз құзыреті шеңберінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.";
19-тармақ мынадай редакциядағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Комитет қызметкерлерін көтермелеуге, тағайындауға, босатуға және жұмыстан шығаруға ұсынады, сондай-ақ аумақтық органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын тағайындауға және лауазымдардан босатуға келіседі.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етcін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ш. Әрінов |
