БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18786 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 45 және 46-жолдармен толықтырылсын:
"
45 | "Ramazan Elevator" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Заводская көшесі, 23 | Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Заводская көшесі, 23 |
46 | "Койбагар - Ұны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қойбағар ауылы, Элеваторная көшесі, 1 | Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қойбағар ауылы, Элеваторная көшесі, 1 |
".
2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор |
Ш. Әрінов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі