Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне ақшалай үлесті, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 17 шiлдедегi № 279 бұйрығы

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 93) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне ақшалай үлесті, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ч. Аринов

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы 17 шілдедегі
№ 279 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне ақшалай үлесті, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғау органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай үлесті, жәрдемақыларды жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 93) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдары жүйесінің қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкерлер) ақшалай үлесті, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу тәртібін реттейді.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерінің ақшалай үлесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетін ақшалай жабдықталымды және қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыларды, сондай-ақ басқа да үстемеақыларды, қосымша ақыларды қамтиды және заңнамаға сәйкес:

      1) қатардағы және басшы құрамның штаттық лауазымдарын атқаратын;

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ТМЖ) және шет елдердің арнаулы оқу орындарында білім алушыларға;

      3) азаматтық қорғау органдарының қарамағында тұрған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне төленеді.

      Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы үшін берілетін қосымша ақыдан тұрады.

      Мекеме басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығы ақшалай үлесі төлеу үшін негіз болып табылады.

      3. Ақшалай үлесті төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      4. Толық емес ай қызмет еткен қызметкерге тиесілі ақшалай үлестің мөлшері осы айда қызмет еткен күнтізбелік күндердің нақты санын бір күнтізбелік күн үшін төлем мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

      Күнтізбелік күн үшін төлем мөлшері толық айда берілген ақшалай үлестің сомасын осы айдағы күнтізбелік күндер санына бөлу жолымен айқындалады.

      Егер қызметкерге ақшалай үлес төленетін кезеңде лауазымдық жалақыны және сауықтыруға арналған жәрдемақыны, сондай-ақ лауазымдық айлықақыға үстемеақыны есептеу үшін бастапқы коэффициент/лауазымдық айлықақы немесе коэффициентті/лауазымдық айлықақыны кезекті арттыру белгіленсе, ақшалай үлесті коэффициент немесе үстемеақы белгіленген күннен бастап көрсетілген өзгерістер ескеріле отырып төленеді.

      5. Азаматтық қорғау органдарының кадрында қалдыра отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратына және өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлеріне ақшалай қаражат пен өзге де төлемдер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      6. Қызметкерлерге тиесілі және оларға уақтылы төленбеген немесе толық көлемде төленбеген ақшалай үлес азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көрсетілген төлем толық көлемде төленбеген немесе төленбеген, бірақ толық төленбеген немесе талап қойылған күннің алдындағы үш жылдан артық емес мерзімге төленеді.

      Лауазымдық жалақыны айқындау үшін жеке істерде бұрын есепке алынбаған қызмет кезеңдері расталатын жағдайларда:

      егер қызметкер растайтын құжаттарды уақтылы ұсынбаған жағдайда, өтілді белгілеу жөніндегі хаттамаға қол қойылған күннен бастап, өткен уақыт үшін қайта есептеместен;

      егер мемлекеттік орган қызметтің уақтылы расталған кезеңін есепке алмаған жағдайда, қызметтің барлық кезеңі үшін (бірақ үш жылдан аспайтын) жаңадан белгіленген мөлшерлер бойынша ақшалай үлес төленеді.

2-тарау. Лауазымдық жалақылар, арнаулы атағына қосымша ақылар

      7. Қызметкерлерге лауазымдық жалақылар, арнаулы атағы үшін қосымша ақылар "Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбпү қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесімен айқындалады.

      8. Қызметкерлерге лауазымдық жалақы лауазымға тағайындалған күннен бастап, бірақ көрсетілген бұйрық шыққан күннен ерте емес немесе егер лауазымға тағайындау күні көрсетілмесе тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді.

      Қызметкерлерге арнаулы атағы үшін қосымша ақы төлеу атақ берілген күннен бастап немесе егер беру күні бұйрықта көрсетілмесе арнаулы атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап жүргізіледі.

      9. Қызметкерлерге лауазымдық жалақы бұйрықта көрсетілген лауазымдар санаты бойынша ("Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 қбпү Жарлығына сәйкес) төленеді.

      Қызметкерлердің лауазымдық жалақысының мөлшерін айқындау үшін мекемеде лауазымдық жалақыны белгілеуге арналған қызмет өтілін есептеуге комиссия құрылады. Мекеме комиссиясының құрамына қаржы, заң, кадр бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары (кадр бөлімшесі болмаған жағдайда – жеке құрамның есебін жүргізетін тұлғалар) енгізіледі.

      Комиссияның қызмет өтілін есептеу туралы шешімі жаңадан келген қызметкер лауазымға тағайындалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме екі данада жасалады (бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - қаржы қызметіне).

      Штатта екі атауы бар лауазымдар бойынша лауазымдық жалақы лауазымның бірінші атауы бойынша белгіленеді.

3-тарау. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар және қосымша еңбекақы төлеу

      10. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы негізгі немесе уақытша атқарылатын лауазым бойынша лауазымдық жалақыны негізге ала отырып есептеледі.

      11. Егер үстемеақы толық емес айға тиесілі болса, оның сомасы осы айда қызмет еткен күнтізбелік күндердің нақты санын бір күнтізбелік күн үшін төлем мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

      Бір күнтізбелік күн үшін төлем мөлшері толық ай үшін салынған үстемеақылар мөлшерінің сомасын осы айдағы күнтізбелік күндер санына бөлу жолымен айқындалады.

      12. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы мемлекеттік орган, мекеме басшысының не тағайындау құқығы бар оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде үстемеақы белгіленген күннен бастап, бірақ бұйрықта көрсетілген күннен ерте емес немесе егер бұйрықта үстемеақы белгіленген күн көрсетілмесе, үстемеақы белгілеу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді.

      13. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін қызметкерлерге үстемеақы төлеу лауазымнан босатылған күннен бастап немесе үстемеақы төлеу көзделмеген лауазымды уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады.

      14. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы ағымдағы жылға ақшалай қаражаты төлеумен біруақытта төленеді.

      15. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесімен белгіленеді.

4-тарау. Қазақстан Республикасының және шет елдердің арнаулы оқу орындарының курсанттарына, магистранттарына, докторанттарына жүргізілетін төлемдер

      16. Арнаулы оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы курсанттарына оқу орнына қабылданған күннен бастап лауазымдық жалақы (шәкіртақы) түрінде ақшалай үлес төленеді.

      17. Егер халықаралық келісімдерде немесе келісімшарттарда өзгеше көзделмесе, курсанттардың лауазымдық жалақыларын (шәкіртақынын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту жолымен курсанттардың лауазымдық айлықақылары (шәкіртақы) айқындалады.

      18. Курсанттарға, лауазымдық жалақылар (шәкіртақылар) оқу курсына байланысты төленеді, бұл ретте келесі курсқа ауыстырылғандарға лауазымдық жалақылар (шәкіртақылар) келесі курсқа көшкені туралы бұйрық негізінде төленеді, бірақ жаңа оқу жылы басталғанға дейін төленбейді.

      19. Толық емес айдағы курсанттарға лауазымдық жалақылардың (шәкіртақының) мөлшері осы айдағы оқудың күнтізбелік күндерінің нақты санын бір күнтізбелік күн үшін төленетін төлем мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

      Күнтізбелік күн үшін төлем мөлшері толық ай үшін белгіленген лауазымдық жалақы (шәкіртақы) сомасын осы айдағы күнтізбелік күндер санына бөлу жолымен айқындалады.

      20. Қазақстан Республикасының арнаулы оқу орындарының магистратурасына, докторантурасына күндізгі оқу нысанына қабылданған қызметкерлеріне оқу уақытына оқуға жіберілгенге дейін атқаратын соңғы (уақытша орындалмайтын) штаттық лауазым бойынша лауазымдық жалақысының 70 % мөлшерінде лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнаулы атағы үшін қосымша ақы белгіленеді.

      21. Азаматтық қорғау органдарына диплом алу алдындағы практикадан өту үшін жіберілген және азаматтық қорғау органдарының штаттық лауазымына тағайындалған курсанттарға диплом алдындағы практикадан өту жері бойынша білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан өтуі үшін оқу орындарына іссапарға жіберілген күн бойынша штаттық лауазымда болу кезеңіне ақшалай ұстау төленеді, ол туралы ақшалай аттестатта тиісті жазбалар жасалады.

      22. Қазақстан Республикасы ҚР ТЖМ арнаулы оқу орындарының курсанттарына растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін бір ай ішінде демалыс кезеңінде ішкі қалааралық автомобильмен (таксиден басқа), теміржол және су көлігімен тұрақты тұратын жеріне және кері қайтуға жол жүруге арналған шығыстар өтеледі.

      23. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының бейінді жоғары оқу орындарында оқитын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқуға байланысты төлемдер, оның ішінде ақшалай қаражат халықаралық келісімдерге не келісімшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының бейінді жоғары оқу орындарында күндізгі нысанда оқитын курсанттарға каникулдық демалыс кезеңінде темір жол, автомобиль, әуе (эконом класс) және ішкі су көлігінде оқу орнына және кері қарай жылжуға арналған шығыстар өтеледі.

5-тарау. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында оқу уақытына жүргізілетін төлемдер

      25. Қазақстан Республикасы мен шет елдердің азаматтық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында оқитын қызметкерлеріне оқу уақыты, сондай-ақ оқу орнына бару және кері қайту уақыты үшін негізгі штаттық лауазым бойынша алынатын ақшалай үлес төленеді.

      Іссапар шығыстарын төлеу "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

6-тарау. Басқа лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқару кезінде жүргізілетін төлемдер

      26. Негізгі міндеттерінен босата отырып, басқа лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелген штаттық лауазымды атқаратын қызметкерлеріне төлем мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) штаттық орынбасарларға олардың өздерінің тікелей бастықтарының бос емес лауазымдары бойынша қызметтік міндеттеріне қарамастан, ақшалай үлесті төлеу олардың негізгі атқарып отырған лауазымы бойынша жүргізіледі;

      2) басшының бос лауазымы бойынша міндеттерін, оның ішінде орынбасарларының да уақытша атқаруы кезінде, ақы өзге де төлемдер ескеріле отырып, лауазымды уақытша атқаруға көзделген жалақыға қарай, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа төленеді. Көрсетілген мерзім ішінде оларды осы лауазымға тағайындау немесе бос лауазым бойынша міндеттерді атқарудан босату туралы шешім қабылдануы тиіс.

      Міндеттерді уақытша атқарудың үзіліссіз мерзімі бос лауазым бойынша екі айдан, ал бос емес лауазым бойынша – төрт айдан аспауы тиіс.

      Лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарудың үзіліссіз мерзімі лауазымды атқаруға кіріскен күннен бастап, бірақ бұйрықта көрсетілген күннен ерте емес, ал күні көрсетілмесе, бұйрыққа қол қойылған күннен ерте емес, міндеттерін атқарудан босатылған күн бойынша есептеледі.

      Лауазым бойынша міндеттерді атқарушы ретінде тағайындау қызметкерлерді лауазымға тағайындау және олардың орнын ауыстыру құқығы берілген лауазымды адамдардың бұйрығымен ресімделеді.

      Қызметкерге міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу және оны осыған байланысты негізгі лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босату, тікелей басшысы болмаған кезеңде оның лауазымы бойынша міндеттерді атқару қызметкердің қызметтік міндеттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді лауазымға тағайындау басшының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      27. Уақытша атқарылатын лауазым бойынша үстемеақылар төленген кезде үстемеақылар осы лауазым бойынша көзделген жалақыдан есептеледі.

7-тарау. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде жүргізілетін төлемдер

      28. Қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі парақтардың негізінде олардың еңбекке уақытша жарамсыздығының барлық кезеңі үшін ақшалай үлес толық көлемде төленеді.

      29. Азаматтық қорғау органдарының қарамағында болған кезеңде ауырып қалған қызметкерлеріне еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі үшін соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражат төленеді.

      30. Қызметкерлері жүктілік және босану бойынша демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу бойынша демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде ауырған жағдайда, ауру күндері үшін ақшалай үлес төленбейді.

      Егер сырқаттану көрсетілген демалыстар аяқталғаннан кейін де жалғасатын болса, тиісті демалыс аяқталған күннің келесі күнінен бастап және қызметкердің қызметке шығу күніне дейін ақшалай үлес төленеді.

8-тарау. Азаматтық қорғау органдарының қарамағында болған уақытқа жүргізілетін төлемдер

      31. Атқарып отырған лауазымдарынан босатылған қызметкерлеріне тиісті азаматтық қорғау органдарының қарамағында болған уақытында ақшалай ұстау штаттық лауазымнан босатылған күннен бастап (соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақы, арнаулы атағы үшін қосымша ақы) және тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленеді.

      Төлемдер "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңмен белгіленген тиісті азаматтық қорғау органдарының қарамағында болу мерзімдерінің кезеңінде жүргізіледі.

      Қарамағына қабылдау туралы бұйрықта азаматтық қорғау органы қызметкерінің өкімі сондай-ақ олардың қарамағында болған кезеңде қызметкерлеріне тиісті төлемдерді жүзеге асыратын аумақтық орган, азаматтық қорғау органының мекемесі көрсетіледі.

      32. Қарамағына қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылған күн немесе бұйрықта көрсетілген күн қарамағына қабылдау күні болып есептеледі.

      33. Қарамағында болу мерзіміне ақшалай қаражаты төлеу кезінде:

      демалыстарда болу уақыты;

      денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу уақыты;

      бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi азаматтық қорғау органы тұрған жерге дейiн жолда болу уақыты;

      қашықтықтан оқыту бойынша оқитын адамдар үшін – бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты;

      қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша қысқартылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамауға алынған күннен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауапкершілікке тартылуға байланысты қамауда болу уақыты есептелмейдi.

9-тарау. Лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетілгендерге және қамауда болу уақытында, сондай-ақ қызметі қалпына келтірілгендерге жүргізілетін төлемдер

      34. Қылмыстық процесті жүргізуші орган лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілген қызметкерлеріне мұндай шараның қажеттілігі жойылғанға дейін ақшалай үлесті төлеу тоқтатылады.

      35. Азаматтық қорғау органы басшысының лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілген қызметкерлеріне қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда жауапкершілік туралы мәселе шешілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзімге ақшалай қаражат сақталады.

      36. Өзіне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сайланған қызметкерлеріне ақшалай үлесті төлеу қамауға алынған күннен бастап тоқтатылады және ақтау үкімі заңды күшіне енген, ақтау негіздері бойынша қылмыстық іс тоқтатылған кезден бастап қалпына келтіріледі.

      37. Қылмыс жасағаны үшін сотталуына байланысты азаматтық қорғау органдарынан босатылған, ал кейіннен ақталған және тиісінше лауазымы мен арнаулы атағы қалпына келтірілген қызметкерлерге қызметте амалсыздан болмаған уақыты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшалай үлес өтеледі.

10-тарау. Демалыстар уақытында жүргізілетін төлемдер

      38. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына кеткен кезде қызметкерлеріне ақшалай үлес және демалысқа кеткен күнге атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы жылына бір рет не қызметкердің азаматтық қорғау органының қарамағында болған жағдайда қарамағына қабылданған күнге соңғы атқарған штаттық лауазымы бойынша төленеді.

      Төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы бөліп берілген жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу демалыстың бірінші бөлігін берген кезде жүргізіледі.

      39. Қызметкерлерге олар азаматтық қорғау органдарына қызметке кірген жылы, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалысқа шыққан және одан шыққан жылы жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезінде бұйрықта екі лауазымдық жалақыны жылдың күнтізбелік күндерінің санына бөлумен және алынған соманы көбейтумен қызметке кірген жылы, бала күтімі бойынша демалысқа шыққан және одан шыққан жылы нақты жұмыс істеген күнтізбелік күндер санына есептелетін сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері көрсетіледі.

      Қызметтен босатылған жылы төленген жәрдемақы қайтаруға жатпайды.

      40. Азаматтық қорғау органдарына басқа құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан ауысу (іссапарға жіберу) тәртібімен қызметке келген және Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құрлымдарының әскери қызметшілері қатарынан келген адамдарға сауықтыруға арналған жәрдемақы олар ауысқан (келген) жылға бұрынғы қызмет орны бойынша оларға жәрдемақы төленбеу фактісі (бұйрықтан үзінді, ақшалай аттестат) расталған кезде төленеді.

      41. Қызметкерлерге демалыс өткiзу орнына бару және қайту жолына берілген уақытын қоса алғанда, ақылы жыл сайынғы еңбек, қысқа мерзiмді, қосымша демалыстар уақытына ақшалай үлес олардың атқарып отырған лауазымы бойынша демалысқа шыққан күнi алатын мөлшерде төленедi.

      42. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған азаматтық қорғау органының қарамағындағы қызметкерлерге оларды қызметте одан әрі пайдалану туралы мәселені шешу кешіктірілген жағдайларда пайдаланылмаған демалыс беріледі. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы кезінде оларға ақшалай қаражат, қарамағында болу мерзіміне қарамастан, азаматтық қорғау органының қарамағына қабылданған күнге қарай негізгі лауазымы бойынша алынатын мөлшерде төленеді.

      43. ҚР ТЖМ арнаулы оқу орындарының курсанттары каникулдық демалыста болған уақыт үшін оларға оқу уақытында алатын лауазымдық жалақысы (шәкіртақы) төленеді.

      44. Тиісті азаматтық қорғау органдарына қызметке бөлу бойынша жіберілген ҚР ТЖМ арнаулы оқу орындарының түлектеріне оқу орнын бітіргеннен кейін берілген демалыс кезеңінде олар тағайындалған штаттық лауазымдар бойынша ақшалай үлес және сауықтыруға арналған жылына екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

      45. Оқудың күндізгі және қашықтық нысаны бойынша арнаулы оқу орындарына, оның ішінде магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне ұсынылған оқу демалыстарының уақытына оларға демалысқа кеткен күнге негізгі штаттық лауазым бойынша ақшалай ұстау төленеді, ал түсу емтихандарын тапсыру үшін басқа білім беру ұйымдарына түсушілерге ақшалай қаражат төленбейді.

      46. Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша арнаулы оқу орындарында оқитын қызметкерлеріне емтихан тапсыру кезеңіне берілген оқу демалыстары кезінде ақшалай қаражат сақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінде оқу орнына және кері қарай темір жол көлігімен жол жүруге арналған шығыстар өтеледі.

      47. Қызметкерлер жұмыстан босатылған жылы нақты жұмыс істеген уақыты үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

11-тарау. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия), мертігуі, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде немесе қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда азаматтық қорғау органдарының қызметкеріне жүргізілетін төлемдер

      48. Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезеңiнде мертiккен жағдайда, қызметкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы нәтижесінде болған мүгедектiк белгiленгенде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған (қайтыс болған) кезде не болмаса қызметтiк мiндеттердi орындау үшін міндетті атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл ішінде біржолғы өтемақы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1047 қаулысымен бекітілген қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшеріне сәйкес ай сайынғы ақшалай төлем төленеді.

      49. Қайтыс болған немесе қаза болған қызметкерлерін жерлеуге оларды үш айлық ақшалай ұстау мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.

      Біржолғы ақшалай өтемақы алу үшін қайтыс болған қызметкерінің қызмет орны бойынша қаржы қызметіне қызметкер қайтыс болған күннен бастап үш жыл ішінде жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы өтінішпен мынадай құжаттарды:

      1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып жүгіну қажет.

12-тарау. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақшалай өтемақы төлеу

      50. Қызметкерлерге, оның ішінде қарамағында, жүктілігі мен босануы бойынша, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыста болған қызметкерлерге тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін ақшалай өтемақы төленеді.

      51. Қызметкерлерге ақшалай өтемақы төлеу қызметке түскен күннен бастап жүргізіледі және басқа азаматтық қорғау органдарына іссапарға жіберілген не азаматтық қорғау органдарынан шығарылған күнінен бастап тоқтатылады (жеке құрамды тізімнен алып тастау).

      52. Ақшалай өтемақының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес айқындалады.

      53. Ақшалай өтемақыны төлеу туыстық қатынастарға және бірлесіп тұруға (яғни әкесіне, әйеліне, балаларына егер ол қызметкерлер болып табылса) қарамастан, әрбір қызметкеріне жүргізіледі.

      Ақшалай өтемақы қызметкерлерге ақшалай үлесті төлеумен біруақытта төленеді.

      54. Азаматтық қорғау органдарының кадрында қалдыра отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Аппараттарына, Қазақстан Республикасы Үкімет аппаратына және өзге де мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге ақшалай өтемақыны іссапарға жіберілгенге дейін олар штатында тұрған азаматтық қорғау орган төлейді.

      55. Толық емес ай қызмет еткен азаматтық қорғау органдарының қызметкеріне тиесілі ақшалай өтемақы мөлшері осы айда қызмет еткен күнтізбелік күндердің нақты санын бір күнтізбелік күн үшін төлем мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

      Толық емес ай үшін ақшалай өтемақы төлеу кезінде бір күнтізбелік күн үшін төлемнің мөлшері толық ай үшін берілген ақшалай өтемақы сомасын осы айдағы күнтізбелік күндер санына бөлу жолымен айқындалады.

13-тарау. Азаматтық қорғау органдарынан босатылған кезде жүргізілетін төлемдер

      56. Азаматтық қорғау органдарынан босатылған қызметкерлерге:

      1) қызметтен босатылған күнге лауазым атқарғандарға – қызметтен босату туралы бұйрықта көрсетілген қызметтен босатудың өткен күнінің күні бойынша немесе егер қызметтен босату күні көрсетілмесе қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойған күнге ақшалай үлес төленеді;

      2) арнайы оқу орындарының курсанттары – оқу орындардың ауыспалы құрамының тізімінен алынған күн бойынша лауазымдық жалақы (шәкіртақы) төленеді;

      3) Осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес азаматтық қорғау органдарының қарамағында жұмыстан босатылған күнге – ақшалай қаражатты төлеу қарамағында болу күні бойынша төленеді.

      57. Қызметтен босатылатын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне біржолғы жәрдемақылар мынадай тәртіппен және мөлшерде:

      күнтізбелік он жылдан аз еңбек сіңірген және денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен босатылғандарға – үш айлық ақшалай қаражат;

      күнтізбелік он жылдан астам еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен босатылғандарға:

      он жылдан он бес жылға дейін – төрт айлық ақшалай қаражат;

      он бес жылдан жиырма жылға дейін – бес айлық ақшалай қаражат;

      жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін – алты айлық ақшалай қаражат;

      жиырма бес жылдан отыз жылға дейін – жеті айлық ақшалай қаражат;

      отыз жылдан асқандарға – сегіз айлық ақшалай қаражат төленеді.

      Қызмет өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен наградталған қызметкерлеріне жұмыстан босатылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшері "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айлық ақшалай қаражаттың екі мөлшеріне ұлғаяды.

      58. Біржолғы жәрдемақының мөлшері және еңбек сіңірген жылдары жұмыстан босату туралы бұйрықта көрсетіледі.

      59. Біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарға зейнетақы төлемін тағайындауға күнтізбелік есептелген еңбек сіңірген жылдары қабылданады.

      Біржолғы жәрдемақы соңғы штаттық лауазым бойынша төленетін лауазымдық жалақыға, қызметтен босатылған күнгі арнаулы атағы үшін қосымша ақыға қарай есептеледі.

      Қызметкер азаматтық қорғау органдарына қайтадан (кейіннен) қызметке қабылданғаннан кейін қызметтен босатылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде қызметтің біржолғы (жұмыстан шығу) жәрдемақысы төленбеген кезеңі есепке алынады.

      60. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен босату кезінде біржолғы жәрдемақылар төлеумен қатар азаматтық қорғау органдарының орта, аға және жоғары басшы құрам адамдарына, қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен босатылғандарға арнаулы атақтар үшін қосымша ақылары қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойы сақталады.

      Бұл ретте егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген азаматтық қорғау органдарының басшы құрамы адамдарының арнаулы атақтары үшін қосымша ақылары өсетін болса, тиісінше еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен босатылған азаматтық қорғау органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамы адамдарына төленетін осы қосымша ақылар мөлшері де ұлғаяды.

      Төлемдерді қызметкердің соңғы қызмет орны бойынша азаматтық қорғау органының басшысы бұйрығының негізінде азаматтық қорғау органының қаржылық қызметі жүзеге асырады.

      61. Азаматтық қорғау органдарынан қызметтен босатылған қызметкерлерге қызметтен босатылатын жылы пайдаланылмаған ақылы жыл сайынғы еңбек демалысына осы жылы қызмет еткен уақытына теңбе-тең, бірақ қырық күнтізбелік күннен аспайтын ақшалай өтемақы төленеді.

      Демалыстың пайдаланылмаған күндеріне ақшалай өтемақы толық ай үшін тиесілі ақшалай ұстау сомасын қызметтен босатылған жылдағы күнтізбелік күннің орташа айлық санына бөлу арқылы айқындалатын күнтізбелік күн үшін төлем мөлшеріне қарай есептеледі.

14-тарау. Ақшалай аттестат

      62. Қызметкердің орнын ауыстыру, ауысуы, сондай-ақ қызметтен босатылған кезінде қаржы қызметі заңнамада көзделген барлық төлемдерді жүргізеді және төленген сомалар туралы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай аттестатта жазбалар жүргізуге міндетті.

      63. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне ақшалай аттестат кету парағын бергеннен кейін:

      1) бір азаматтық қорғау органынан екінші азаматтық қорғау органына орын ауыстырған барлық жағдайларда, оның ішінде азаматтық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына үш айдан аса мерзімге оқу үшін жіберілген кезде;

      2) қызметкер басқа құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштерге, арнаулы мемлекеттік органдарға ауысқан кезде;

      3) қызметкерді азаматтық қорғау органдарының кадрында қалдыра отырып, мемлекеттік органдарға және халақыралық ұйымдарға іссапарға жіберген кезде;

      4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындай отырып, запасқа немесе отставкаға азаматтық қорғау органдарынан қызметтен босатылған кезде беріледі.

      64. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін тағайындаумен қызметтен босатылғандарға ақшалай аттестат қолына берілмейді, бірақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін тағайындау жөніндегі басқа материалдарға қосу үшін кадр қызметіне жолданады.

      65. Ақшалай аттестат ақшалай үлеске арналған жеке шотқа қолхатпен беріледі және тіркеу журналында мыналар:

      1) ақшалай аттестатты беру нөмірі мен күні;

      2) қатардағы және басшы құрамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), атқарып отырған лауазымы және арнаулы әскери атағы;

      3) қатардағы және басшы құрамдағы адамның қайда кеткені;

      4) ақшалай үлес қандай уақытқа төленгені, қандай еңбекақыдан және қандай үстемеақылар төленгені;

      5) үстемеақы белгілеу туралы бұйрықтың нөмірі және күні;

      6) лауазымдық еңбекақыны есептеуге коэффициент белгілеу үшін қызметкердің қызмет өтілі және осы өтіліне белгілеу туралы бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      66. Ақшалай аттестаттар электрондық түрде толтырылады, азаматтық қорғау органының басшысы уәкілеттік берген адамдар қол қояды және мөрмен бекітіледі.

      Мөрі немесе қолы жоқ, тазартылған немесе келісілмеген түзетулері бар, сондай-ақ дұрыс толтырылмаған ақшалай аттестаттар жарамсыз болып саналады.

      67. Ақшалай аттестат берілетін қызметкер өзінің қолтаңбасымен көрсетілген аттестатта жүргізілген есептер бойынша жазбалардың дұрыстығын растайды.

      68. Жаңа қызмет орнына келген қызметкерлерге ақшалай үлес тағайындау туралы бұйрықтың және бұрынғы қызмет орны бойынша берілген ақшалай аттестаттың негізінде төленеді.

  Қазақстан Республикасы азамат
қорғау органдарының
қызметкерлеріне ақшалай
үлесті, жәрдемақыларды және
өзге де төлемдерді төлеу
қағидаларына
қосымша
        Нысан

№____ АҚШАЛАЙ АТТЕСТАТ

      _______________________________________________________________

      (аттестат берген органның атауы)

      _______________________________________________________________

      (әскери немесе арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      ________________________________________________________________

      жеке нөмірі)

      куәландырады

      1. Лауазымдық жалақысы айына_______________________________ теңге.

      2. Арнаулы атағы бойынша қосымша ақы айына _________________ теңге.

      3. Сыныптық біліктілігіне үстемақы айына _____________________ теңге.

      4. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы айына

      __________________________________________ теңге.

      5. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы айына _______________________________ теңге.

      20__ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша лауазымдық жалақыны есептеу үшін еңбек сіңірген жылдары

      _______________________________________________________________

      (азамат қорғау органының атауы)

      20__ жылғы "__" ___ №___ бұйрығымен ___ жыл ____ ай __ күн деп белгіленді.

      Ақшалай үлестің мынадай түрлерімен қанағаттандым:

      1. _______________________________________ бойынша лауазымдық жалақы.

      2. __________________________ бойынша арнаулы атағы үшін қосымша ақы.

      3. _____________________ бойынша сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы.

      4. _______ бойынша қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы.

      5. ___________________________________ бойынша тұрғын үйді ұстауға,

      коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы.

      6. Алименттер, кімге ______________________________________ мөлшерде.

      7. 20___жылғы демалыс____________________________________________

      (пайдаланғанын, пайдаланбағынын көрсету)

      8. Сауықтыруға арналған жәрдемақы _________________________________

      (пайдаланғанын, пайдаланбағанын көрсету)

      9. Азамат қорғау органдарынан қызметтен босатылған кезде төленетін біржолғы

      жәрдемақы ______________________________________________

      (мөлшері және сомасы жазбаша көрсетілсін)

      _______________________________________________________________.

      11. ____________________________________________ берешегі бар

      (берешік түрі көрсетілсін)

      ____________________________________________________________.

      20 ___ жылғы ________ бастап__________________________________

      ____________________________________________ қарамағында тұр.

      Қызметкердің ЖСН___________________________________________

      Қызметкердің ағымдағы шоты__________________________________

      (шоттың №, банктің атауы)

      __________________ Аттестат ______________ _______________

      (қызмет бойынша ауысқан, зейнеткерлікке шығу немесе мүлдем қызметтен

      босатылған)

      ______________________________________________ байланысты берілді

      _____________ жылғы "_" ____ №_____ бұйрығына сәйкес 20___жылғы "__"

      _______________________________________________________________

      М.О.

      Қолы __________________________________ (қолы)

      __________________________________ (қолы)

      Аттестаттағы деректер дұрыс деп есептеймін __________________ (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады