Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппарат басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ш. Әрінов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Бұйрықпен бекітілген |
Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қорғанысты ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) қаржы лизингі шарты-соған сәйкес лизинг беруші белгілі бір сатушыдан меншікке сатып алынған лизинг нысанасын лизинг алушыға белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда бір жылдан астам мерзімге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенетін мәміле, оның ішінде лизинг нысанасын сақтандыруды көздейді;
3) лизингтік төлемдерді төлеу – лизинг алушының қаржы лизингі шарттарында лизингтік төлемдерді төлеуге жұмсаған шығындарын өтеу;
4) лизингтік төлемдер графигі – қаржы лизингі шартына сәйкес және лизинг нысанасын жеткізу мерзімдерін ескере отырып, әрбір лизинг алушы үшін жеке қалыптастырылатын лизингтік төлемдерді өтеу мерзімдері, мөлшері, бір қаржылық қызметке лизингтік төлемнің үлесі, сыйақының жалпы сомасы және айына қаржылық қызметтердің жоспарлы саны туралы ақпарат;
5) лизинг беруші – лизингтік мәмілеге қатысушы, ол тартылған және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын меншігіне алады және оны қаржы лизингі шартының талаптары бойынша лизинг алушыға береді;
6) лизинг алушы-қаржы лизингі шартының талаптары бойынша лизинг нысанасын қабылдайтын лизингтік мәмілеге қатысушы;
7) лизингтік төлемдер – қаржы лизингі шартының бүкіл қолданылу мерзімі үшін қаржы лизингі шарты бойынша төлемдердің жалпы сомасын білдіретін, қаржы лизингі шартын жасасу сәтіндегі баға бойынша лизинг нысанасының бүкіл құнын өтеуді ескере отырып есептелуге тиіс және қаржы лизингі шартының қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылатын мерзімді төлемдер;
8) лизинг мерзімі – лизинг нысанасы лизинг алушыға қаржы лизингі шартына сәйкес уақытша иеленуге және пайдалануға берілетін мерзім;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін пайдаланылатын арнайы техника (бұдан әрі – арнайы техника) – өрт сөндіру автомобильдері, автосатылар, авариялық-құтқару машиналары, санитариялық автомобильдер (оның ішінде реанимобильдер), мобильді командалық пункттер, автоцистерналар, жүріп өту мүмкіндігі жоғары техника, ішкі су көлігі, теңіз көлігі және заттай көзделген басқа да техника Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 70-бабы 3-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес бекітілген нормалармен;
10) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін пайдаланылатын жабдық (бұдан әрі – жабдық) – гидравликалық және пневматикалық құтқару құралы, генераторлар, су сорғылары, байланыс және бейнебақылау жүйелері, радиациялық және химиялық бақылау аспаптары, жеке қорғау жиынтықтары және Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 70-бабы 3-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес бекітілген заттай нормаларда көзделген өзге де жабдық.
11) тікұшақ – әуе кемесі ауадан ауыр, ол ұшу кезінде негізінен ауаның бір немесе бірнеше көтергіш бұрандалармен реакциясы арқылы, шамамен тік тұрған осьтердің айналасында қозғалады;
12) ұшақ – күштік қондырғы қозғалысқа келтіретін ауадан ауыр әуе кемесі, оның ұшудағы көтеру күші негізінен ұшудың осы жағдайларында қозғалмайтын беттердегі аэродинамикалық реакциялар есебінен құрылады;
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін пайдаланылатын тікұшақтар, ұшақтар, арнайы техника мен жабдықтар лизингтің нысанасы болып табылады.
4. Лизингтік төлемдерді төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты және лизингтік төлемдер графигіне сәйкес заңнамада тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүргізіледі.
5. Лизингке өтінімдер жоспарлау процесінде бюджеттік сұрау салу құрамында беріледі:
1) уәкілетті орган;
2) уәкілетті органның қарамағындағы аумақтық органдар мен ұйымдар (уәкілетті органмен келісім бойынша) береді.
6. Уәкілетті орган өтінімдерді беру процесін орталықтандырылған басқаруды, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды және лизинг алушылардың есептілігін жүзеге асырады
7. Лизингке өтінім мыналарды қамтиды:
1) бірінші басшының қолы қойылған ілеспе хат (еркін түрде);
2) лизинг нысанасының атауын, оның құнын, нақты сипаттамаларын, лизинг нысанасын сатып алудың мақсаты мен негіздерін көрсете отырып түсіндірме жазба;
3) қаржы лизингі шартының көшірмесі.
4) құны, қаржыландыру көзі, өтеу кезеңі және өзге де ақпарат көрсетілген есеп айырысулар.
Барлық өтінімдер ағымдағы және болжамды тәуекелдерді талдауға, сондай-ақ лизинг нысанасын пайдалану тиімділігін бағалауға негізделген егжей-тегжейлі негіздемені қамтиды.
Отандық және (немесе) шетелдік өндірістің арнайы техникасы мен жабдықтарын сатып алған жағдайларда өтінімде осы техниканы өндіруші зауыт көрсетіледі.
Лизинг алушы өтінімде көрсетілген лизинг нысанасының атауының, оның сипаттамаларының және лизинг қызметінің құнының негізділігін қамтамасыз етеді.
8. Уәкілетті орган қаржы лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың нысанасын уәкілетті органның стратегиялық басымдықтарына, сондай-ақ өзекті қажеттіліктерге сәйкестігіне белгілейді.
2 - тарау. Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу тәртібі
9. Лизингтің күрделі шығыстарының құны формулаға сәйкес белгіленеді:
ТЖБлпқ = ТӨтж + (ЛПжыл* Мжыл ) мұнда:
ТЖБлпқ – Тауарлар мен жабдықтардың бағасы және лизингтің проценті;
ТӨтж – қаржы лизинг шарттарымен сатып алынатын техника мен жабдықтарды тауар өндірушілердің бағасы;
ЛПжыл – қаржы лизингі шартында айқындалған жылдағы лизинг пайызы;
Мжыл – лизингтік төлемдер графигіне сәйкес лизинг мерзімі.
10. Осы Қағидалар шеңберінде қаржы лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстар нысанасы деп лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті жүзеге асыратын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін пайдаланылатын тікұшақты, ұшақты, арнайы техника мен жабдықты лизингке беру жөніндегі заңды тұлғалардың немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардың қызметтері түсініледі.
11. Лизинг келесі шарттармен беріледі:
1) Лизинг мерзімі-7 жылға дейін;
2) бірлікке лизинг нысанасының ең жоғары құны бекітілген нормативтер, бағаларды нарықтық талдау негізінде және көзделген бюджет қаражаты шегінде есептеледі.
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі резиденттер үшін жылдық 3% - тен аспайды және резиденттер үшін жылдық 14% - тен аспайды.
Басқалары тең болған жағдайда ұсынысқа ең төменгі проценттік мөлшерлемемен артықшылық беріледі.
12. Лизингтік төлемдер қаржы лизингі шартын жасасу сәтіндегі баға бойынша лизинг нысанасының барлық құнын өтеуді ескере отырып есептеледі және қаржы лизингі шартының қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылады, оған:
1) лизинг берушіге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткізуге және оны жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты шығыстарды және қаржы лизингі шартына сәйкес мақсаты бойынша пайдалану үшін одан әрі қызмет көрсетуді өтеу;
2) лизинг бойынша сыйақы кіреді.
13. Ұшақтардың, тікұшақтардың және (немесе) арнайы техниканың, жабдықтың қаржы лизингі жөніндегі қызметті сатып алудың орындылығы бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің бөлінген қаражаты шегінде республикалық немесе жергілікті бюджет комиссиясының шешімі ескеріле отырып айқындалады.