Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 41-1-бабының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ оның құрылымы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 27 мамырдағы № 39 Бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ оның құрылымы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ оның құрылымы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 41-1-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ оның құрылымын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін жүргізу, сондай-ақ оның құрылымы жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
2) мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар функцияларының жіктелген тізбесі;
3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) Электрондық қаржы орталығы – электрондық қаржымен байланысты жобаларды автоматтандыруға мамандандырылған акционерлік қоғам.
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың функциялары "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, электрондық форматта қалыптастырылатын және мемлекеттік органдар үшін қолжетімді болып табылатын Тізілімге енгізілуі тиіс.
Тізілім негізінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет шығыстарының бағыттары айқындалады.
Тізілімде көрсетілген мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14941 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес функционалдық талдау жүргізу шеңберінде талдауға жататын ақпарат ретінде пайдаланылады.
Тізілім Электрондық қаржы орталығының сүйемелдеуімен мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖАЖ) негізінде қалыптастырылады.
Электрондық қаржы орталығы Тізілімде орналастырылған ақпараттың сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2-тарау. Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін жүргізу тәртібі
4. Тізілімді жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) мемлекеттік функцияларды анықтау тұрғысынан нормативтік құқықтық актілерді талдау;
2) жүргізілген талдау негізінде Тізілімге енгізуге немесе Тізілімнен шығаруға жататын мемлекеттік функциялардың тізбесін айқындау;
3) анықталған мемлекеттік функцияларды Тізілімге қосу немесе шығару;
4) функциялардың қайталануы тұрғысынан Тізілімге мониторинг жүргізу.
5. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар:
1) қажеттігіне қарай қызметті функционалдық талдау қорытындылары бойынша Тізілімде мемлекеттік функциялар туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді;
2) Тізілімге қазақ және орыс тілдерінде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыныстар береді.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне жаңа функцияны енгізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілері қабылданған кезде олар алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң функцияны алып тастауды қамтамасыз етеді.
Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар электрондық форматта МЖАЖ арқылы жіберіледі.
Мемлекеттік функциялардың өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын Тізілімге енгізу күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу жолымен жүзеге асырылады.
Қателер анықталған жағдайда, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсынысты уәкілетті орган күнтізбелік 10 (он) күн ішінде пысықтауға жібереді.
6. Тізілім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар орындайтын функциялардың тізбесін қамтиды.
Тізілімге функциялар туралы негізгі деректер, жіктелген деректер және ұйымдастырушылық деректер кіреді.
Тізілімді орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырады.
Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін жүргізу қағидаларына, сондай-ақ оның құрылымына қосымша Нысан |
Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі, сондай-ақ оның құрылымы
№ Р/с№ | Функция коды | Қызмет саласы | Қызметтің кіші саласы | ҚазақстанРеспубликасы заңнамасының атауы | Құрылымдық элемент | Функцияның атауы | Функция түрі | Автоматтандыру | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табыла ма? | Ол бәсекелес орта арқылы іске асырыла ма? | Мемлекеттік органның атауы | Ведомствоның немесе құрылымдық бөлімшенің атауы | Функцияның регламенттелу дәрежесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1. 1-бағанда "Реттік нөмір" көрсетіледі.
2. 2-бағанда "Функция коды" Тізілімді толтыру бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін автоматты режимде беріледі.
3. 3 және 4-бағандарда "Қызмет саласы" және "Қызметтің кіші саласы" көрсетіледі.
4. 5-бағанда функция көзделген "Қазақстан Республикасы заңнамасының атауы" көрсетіледі. Егер бұл функция заңнамалық актіде және нормативтік құқықтық актіде көзделген жағдайда, екі құжат та көрсетіледі.
5. "Құрылымдық элемент" деген 6-бағанда функциясы көзделген заңнаманың бабы, тармағы және тармақшасы көрсетіледі.
6. 7-бағанда оқылатынын және бірегейлікті сақтау үшін номинативті жағдайда "Функцияның атауы" көрсетіледі.
7. 8-бағанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес "Функция түрі" көрсетіледі.
8. 9, 10 және11-бағандарда "Автоматтандыру", "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табыла ма?" және "Ол бәсекелес орта арқылы іске асырыла ма?" көрсетіледі.
9. 12 және 13-бағандарда "Мемлекеттік органның атауы" және "Ведомствоның немесе құрылымдық бөлімшенің атауы" көрсетіледі.
10. 14-бағанда функциялардың регламенттелу дәрежесі (қатаң белгіленген, негіздемелік, дискрециялық) көрсетіледі.