"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 73 қаулысы

      Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) маңдайшаны ауылда орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады".

      2. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарына хабарлау;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі М. Жұрқабаев

      Әкімдіктің мүшелері:

      __________________Н. Абилкаиров

      __________________Т. Булатов

      __________________А. Лагушина

      __________________М. Сокитбаев

      __________________К. Уразбаев

      "Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты"

      мемлекеттік мекемесінің

      заң бөлімінің басшысы

      ___________________ А. Кусаинова

      "Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты"

      мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық

      қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

      __________________ Ж. Кусулбаева

      Келісілді

      "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет

      және тілдерді дамыту бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ В. Лазарева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады