Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес ШЕШТІ:
1. "ARSENAL-R" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
- су құбыры желілерін төсеу үшін Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті Станционная көшесі аумағында орналасқан, жалпы ауданы 0,00441 гектар;
- кәріз желілерін төсеу үшін Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті Станционная көшесі аумағында орналасқан, жалпы ауданы 0,00243 гектар.
2. "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді.
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бақылау банкінде эталонмен ресми жарияланғаннан кейін "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Тобыл кентінің әкімі | А. Бердалинов |
