Ескерту. 01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірме Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.
| Ауданы әкімі | Р. Халықов |
| Қарабалық ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "07" 10 | |
| № 160 қаулысына | |
| қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
1 | "Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
2 | "Бөрлі ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
3 | "Бозкөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
4 | "Лесное ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
5 | "Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
6 | "Новотроицк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
7 | "Победа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
8 | "Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
9 | "Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
10 | "Станционный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
11 | "Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
12 | "Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
13 | "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау және тазалау; |
