2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 136 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығының негізінде", Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының норативтік құқықтық актілерін ресми жариялауға және эталондық бақылау банкіне енгізуге мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін жолдау;

      2) осы қаулыны Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Сейдалин

  Қамысты ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" ___________
  № _____ қаулысына
  қосымша

2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Түрі

Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңге)

Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңге)

1

Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру

43124,22

1960,19


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады