Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жітіқара ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Мендыбаев |
| Жітіқара ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы 13 қарашадағы | |
| № 261 қаулысына | |
| қосымша |
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы | Қызметтердің түрі | Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) | Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) |
1 | "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | үй жағдайында | 44 634,78 | 2 125,46 |
жартылай стационар | 272 193,44 | 10 887,73 | ||
2 | "Жітіқара ауданының мүгедектер достастығы" қоғамдық бірлестігі | үй жағдайында | 34 423,94 | 1 639,23 |
