Жангелдин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 183 "Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 109 қаулысы

      Жангелдин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 183 "Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту қаулысына толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жангелдин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 183 "Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) маңдайшаларды ауылдарда орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады" ;

      "8) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарайды және әкімшілік жаза қолданады";

      2. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин ауданының әкімі Д. Бидашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады