Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қазанбасы ауылдық округінің Қазанбасы ауылының шекарасына Әулиекөл ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 429,0 гектар жерді қосу арқылы, Қазанбасы ауылдық округінің Қазанбасы ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1477,0 гектар шекарасында қоса берілген жерлердің экспликациясына сәйкес белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әулиекөл ауданының әкімі | Ж. Таукенов |
| Әулиекөл аудандық мәслихаттың төрағасы | Д. Қойшыбаев |
| Әулиекөл ауданының | |
| әкімдігінің және мәслихатының | |
| 2025 жылғы 12 қарашадағы | |
| № 183/361 бірлескен | |
| қаулысы және шешіміне | |
| қосымша |
Әулиекөл ауданы Қазанбасы ауылдық округінің Қазанбасы ауылының жер экспликациясы
Жер Бөлу шекарасында ғана беріледі | Егістік | оның ішінде, га | ||||||||||
Жайылымдар | Үй маңындағы жерлер | Бақшалар | Барлық ауылшаруашылық алқаптары | Ағаш-бұталы екпелер | Су астында | Жолдар астында | Құрылыстар астында | Басқа жерлер | ||||
Барлығы | Оның ішінде түбегейлі жақсартылған | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
2003 жылғы жер шаруашылық құрылымының деректері бойынша | 1048,0 | - | 898 | - | 11,0 | 909,0 | - | - | 46,0 | 13,0 | 57,0 | 23,0 |
Мемлекеттік жер қоры жерінен Қазанбасы ауылдық округі Қазанбасы ауылына қосылған жерлері | 40,0 | - | 17,3 | - | - | 17,3 | - | 16,9 | - | 0,5 | 4,8 | 0,5 |
Мемлекеттік жер қоры жерінен Қазанбасы ауылдық округі Қазанбасы ауылына қосылған жерлері | 54,0 | - | 53,5 | 53,5 | - | 53,5 | - | - | - | - | - | 0,5 |
Мемлекеттік жер қоры жерінен Қазанбасы ауылдық округі Қазанбасы ауылына қосылған жерлері | 335,0 | 17,8 | 312,2 | - | - | 330,0 | - | - | - | 1,0 | - | 4,0 |
1477,0 | 17,8 | 1281,0 | 53,5 | 11,0 | 1309,8 | - | 16,9 | 46,0 | 14,5 | 61,8 | 28,0 | |
