Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 2194 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің 56-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2025 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 2194 қаулысына
  қосымша

Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

№ р/с

Ұйымның атауы

Таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

1

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

мемлекеттік кәсіпорынның таза кіріс сомасының 50% мөлшерінде

2

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

мемлекеттік кәсіпорынның таза кіріс сомасының 50% мөлшерінде

3

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қалалық мәдениет және демалыс паркі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

мемлекеттік кәсіпорынның таза кіріс сомасының 10% мөлшерінде

4

Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мирас" қалалық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

мемлекеттік кәсіпорынның таза кіріс сомасының 10% мөлшерінде


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады