Қостанай облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 150 қаулысы

      Ескерту. 01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 21-19/3048 хаттамалық тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы "Әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасын масштабтау жөніндегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газдың тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 29 мамырдағы
  № 150 қаулысына
  қосымша

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары

Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы

Жылу беру маусымындағы айлық норма, м3

Жылу беру маусымынан тыс айлық норма, м3

1

Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы

920

148

      Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:

      м3 – текше метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады