Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Қатені түзеу

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 шілдедегі № 31/149 шешімі және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 114 бірлескен қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына,  "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3)-тармақшасына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес, Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін және белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімінің міндетін атқарушы О.Тлепов
      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А.Байбатырова

  Түпқараған ауданының әкімдігінің
  2025 жылғы 24 шілдедегі №114
  бірлескен қаулысы және
  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2025 жылғы 24 шілдедегі №31/149
  шешіміне қосымша

Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекарасының схемалық картасы




      Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің жерлерінің экспликациясы

Атауы

Ауданы, гектар

Жерлерді қосқанға дейінгі Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекарасындағы жерлердің ауданы

3748, 8566

Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекарасына қосылатын жерлердің ауданы

284, 4297

Жерлерді қосқаннан кейінгі Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекарасындағы жерлердің ауданы

4033,2863, оның ішінде:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер -3263,0;
елді мекен жерлері – 129,6;
босалқы жерлер – 640,6863.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады