Рахат ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы әкімінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 189 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Рахат ауылы халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қорытындысына негізінде, Рахат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Рахат ауылы, Мерей шағынауданының солтүстік шығысында орналасқан атаусыз көшелеріне (бұған дейін нөмірленіп келген) келесі атаулар берілсін:

      1) № 50 - көшеге - "Жәумітбай Демегенов" көшесі;

      2) № 53 - көшеге - "Мұрат Мөңкеұлы" көшесі;

      3) № 61 - көшеге - "Сұңқар" көшесі;

      4) № 63 - көшеге - "Шерхан Мұртаза" көшесі;

      5) № 64 - көшеге - "Байтақ" көшесі;

      6) № 67 - көшеге - "Талғат Бигелдинов" көшесі;

      7) № 70 - көшеге - "Бесшоқы" көшесі;

      8) № 71 - көшеге - "Қызыладыр" көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Рахат ауылының әкімі Р. Сырымов

      Келісілді:

      Сағынбаев Д. ___________

      Дайындаған:

      Турткулова К. ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады