Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 20/253 "Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 наурыздағы № 26/224 шешімі

      Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 20/253 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3665 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде

      орыс тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15630 болып тіркелген) әзірленді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады