Жаңаөзен қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 қарашадағы № 423 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 - бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

      1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу кезінде қалаішілік бағыттарға – 80 (сексен) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге;

      2) Жаңаөзен қаласына іргелес Теңге, Рахат және Кендірлі ауылдары бағыттарына электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу – 100 (жүз) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге;

      3) Жаңаөзен қаласына іргелес Қызылсай ауылы бағытына электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу – 150 (жүз елу) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.


      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі Ж.Қайнарбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жаңаөзен қалалық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады