"Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Маңғыстау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 шілдедегі № 151 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Маңғыстау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы №18 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №206897 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағаларының 5-бағаны жаңа редакцияда жазылсын:

5

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру (Bi)

символ

49

51

53

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады