Бәйтерек ауылдық округі Бидайкөл ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 08 қыркүйектегі № 183 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бидайкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 қорытындысы негізінде, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауылдық округі Бидайкөл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      - атауы жоқ көшеге "Сейіт Үйсінбаев" есімі ;

      - атауы жоқ көшеге "Ниязбек Қоянбаев" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бәйтерек ауылдық округінің әкімі С.Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады