"Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-ХІІ Заңының баптарына, және Облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысына сәйкес Аманкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аманкелді ауылдық округінің жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге (1-көше) "Балабай Оралбаевтың" есімі берілсін.
2. Аманкелді ауылдық округінің жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге (2-көше) "Бәкеш Наймановтың" есімі берілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округі әкімі | З.Жаманкулов |
