"Көшелерге атау беру және қайта атау туралы" Жаманбай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №14 шешеміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаманбай батыр ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 16 шешімі

      Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Көшелерге атау беру және қайта атау туралы" Жаманбай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 14 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      мемлекеттік тіліндегі акті өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген шешімінің орыс тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "В соответсивии с подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" и заключением № 2 Областной ономастической комиссии от 26 августа 2025 года, аким сельского округа Жаманбай батыр РЕШИЛ:";

      орыс тіліндегі шешімнің 1 тармақтың 1) тармақшасындағы "Нурман Асанову" деген сөздер "Нұрман Асанов", 2) тармақшасындағы "Улмахану Асылбекову" деген сөздер "Ұлмахан Асылбеков" 3) тармақшасындағы "Танкашбеку Торегелдиеву" деген сөздер "Таңқашбек Төрегелдиев" деген сөздермен өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.

      3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі Ә. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады