Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаманбай батыр ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 08 қыркүйектегі № 14 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамызындағы №2 қорытындысына сәйкес, Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаманбай батыр ауылдық округі, Бесарық ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар:

      1) Атауы жоқ көшеге -Нұрман Асанов есімі;

      2) Атауы жоқ көшеге Ұлмахан Асылбеков есімі;

      3) Атауы жоқ көшеге Таңқашбек Төрегелдиев есімі;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі Ә. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады