"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 қорытындысына сәйкес Жалағаш кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі келесі атауы жоқ көшелерге:
1)"Наурыз" учаскесіндегі №1 көшеге "Сәрсенбай Ахметов" есімі;
2)"Наурыз" учаскесіндегі №2 көшеге "Исатай Әбдікәрімов" есімі;
3) "Береке" учаскесіндегі көшеге "Жұбатыр Тоқбосынов" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш кентінің әкімі | М. Жамалатов |
