Қазалы қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 221 бірлескен қаулысы және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 485 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес аумақ халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазалы ауданы, Қазалы қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне:

      1) Қазалы қаласындағы Ү. Түктібаев көшесімен қиылысатын № 1 атауы жоқ көшеге "Мұрат Қарымсақовтың" есімі;

      2) Қазалы қаласындағы Ү. Түктібаев көшесімен қиылысатын № 2 атауы жоқ көшеге "Сайфул Әбдразақовтың" есімі;

      3) Қазалы қаласындағы Ү. Түктібаев көшесімен қиылысатын № 3 атауы жоқ көшеге "Кенжалы Мырзағұловтың" есімі;

      4) Қазалы қаласындағы Ү. Түктібаев көшесімен қиылысатын № 4 атауы жоқ көшеге "Алтыбай Сағымбаевтың" есімі;

      5) Қазалы қаласындағы Ү. Түктібаев көшесімен қиылысатын № 5 атауы жоқ көшеге "Әріпбай Бекетовтің" есімі берілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданының әкімі А. Есмаханов
      Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы Ғ. Әліш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады