"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес аумақ халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы, Қазалы қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне:
1) Қазалы қаласындағы Ү. Түктібаев көшесімен қиылысатын № 1 атауы жоқ көшеге "Мұрат Қарымсақовтың" есімі;
2) Қазалы қаласындағы Ү. Түктібаев көшесімен қиылысатын № 2 атауы жоқ көшеге "Сайфул Әбдразақовтың" есімі;
3) Қазалы қаласындағы Ү. Түктібаев көшесімен қиылысатын № 3 атауы жоқ көшеге "Кенжалы Мырзағұловтың" есімі;
4) Қазалы қаласындағы Ү. Түктібаев көшесімен қиылысатын № 4 атауы жоқ көшеге "Алтыбай Сағымбаевтың" есімі;
5) Қазалы қаласындағы Ү. Түктібаев көшесімен қиылысатын № 5 атауы жоқ көшеге "Әріпбай Бекетовтің" есімі берілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазалы ауданының әкімі | А. Есмаханов |
| Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы | Ғ. Әліш |