"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңының 14-1 бабына және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысына сәйкес Жақсықылыш кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кентіндегі "Жақсықылыш" тұйық көшесі "Ислам Жайназаров" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жақсықылыш кентінің әкімі | П. Берсүгіров |
