Арал қаласындағы көшеге жаңа атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 208-қ бірлескен қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 462 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1-тармағына, аумақ халқының пікірін ескер отырып, 2025 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал қаласындағы Рсалы Тұрымбетов көшесімен қатарлас жатқан жаңа көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Садық Жұмағұловтың есімі берілсін.

      2. Осы бекітілген қаулы және шешім алғашқы ресми жаряланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Есжанов
      Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады