Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 09 қыркүйектегі № 1227 шешімі

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабының 2 тармағына сәйкес, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты "Ақсуат мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауылдық округінің әкімі Н. Бакытов

  Ақсуат ауылдық округі әкімінің
2025 жылғы 09 қыркүйектегі
№ 1227 шешіміне қосымша

Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты "Ақсуат мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

Таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады