"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабының 2 тармағына сәйкес, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты "Ақсуат мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауылдық округінің әкімі | Н. Бакытов |
Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 09 қыркүйектегі № 1227 шешіміне қосымша |
Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты "Ақсуат мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз |