Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округінің әкімінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 1652 шешімі

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы, 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабы 2 тармағына сәйкес, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты "Ақсуат мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі таза табыс кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Ақсуат ауылдық округі әкімінің "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" 09 қыркүйек 2025 жылғы № 1227 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауылдық округінің әкімі Н. Бакытов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады