"COPPER MINING INDUSTRY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 89/03 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 10.12.2025 № 112/03 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "COPPER MINING INDUSTRY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2028 жылғы 06 желтоқсанға дейінгі мерзімге Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 863,078 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 10.12.2025 № 112/03 қаулысымен.

      2. "COPPER MINING INDUSTRY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 10.12.2025 № 112/03 қаулысымен.

      3. "Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "30" қыркүйектегі
№89/03
қаулысына қосымша

Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2022 жылғы 06 желтоқсандағы № 1919-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі

№№

Кадастрлық нөмір

Участкенің орналасқан жері

Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га

1.

09-137-037-084

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, "ЕвразияИнвест Ltd" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

603,475

2.

09-137-037-023

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, "ЕвразияИнвест Ltd" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

129,365

3.

09-137-037-080

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, "ЕвразияИнвест Ltd" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

54,328

4.

09-137-037-133

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, Кабидал Байтулла

75,91


БАРЛЫҒЫ


863,078


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады