Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 89/03 "Copper Union Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің "Қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 112/03 қаулысы

      "COPPER MINING INDUSTRY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дәуренқұлов Бақыт Бекетбайұлының өтінішін қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі №89/03 "Copper Union Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Қатты пайдалы қазбаларға барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "COPPER MINING INDUSTRY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы";

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "COPPER MINING INDUSTRY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2028 жылғы 06 желтоқсанға дейінгі мерзімге Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 863,078 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "COPPER MINING INDUSTRY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.".

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Осакаров ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. Темиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады