Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 56/03 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабының 7-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Р. Нурмуханбетов |
