"Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 131/нс бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17630 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Б.Д.Дәрменов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сағымбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 131/нс бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына 1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Қосылған
құн салығы ескерілмеген бағасы,
теңге

Қосылған құн салығы ескерілген бағасы,
теңге

1

2

3

4

5

1.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық - экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу:

1)

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныстың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

148 541

172 308

2)

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың қаржылық - экономикалық негіздемесінің ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

173 297

201 025

3)

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

173 297

201 025

2.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру

1 қызмет*

1 087 358 835

1 261 336 249

3.

Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру

1 қызмет*

210 982 513

244 739 715

4.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу

1 инцидент

2 606 161

3 023 147

5.

Мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу:

1)

Бастапқы кодтарды талдау

1 Мбайт

5 812

6 742

2)

Жүктемелік сынау

1 пайдалану нұсқасы

410 910

476 656

3)

Желілік инфрақұрылымды зерттеп - қарау

1 кіші желі

745 079

864 292

4)

Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау

1 жүйе/
кіші жүйе

765 224

887 660

5)

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау

1 жүйе/
кіші жүйе

740 344

858 799

6.

Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асыру

1 қызмет*

216 225 641

250 821 744

7.

Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі:

1)

Қорғалуды қамтамасыз ету мониторингі

1 "электрондық үкіметтің" ақпараттанды
ру объектісі*

7 086 554

8 220 403

2)

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі

1 "электрондық үкіметтің" ақпараттанды
ру объектісі*

6 669 698

7 736 850

3)

Қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету мониторингі

1 "электрондық үкіметтің" ақпараттанды
ру объектісі*

2 084 281

2 417 766

8.

Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу:

1)

Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін орнату

1
мемлекеттік орган*

2 588 907

3 003 132

2)

Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін техникалық қолдап отыру

1
мемлекеттік орган*

11 361 237

13 179 035

3)

Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мониторингі объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын бақылау

1
мемлекеттік орган*

13 885 956

16 107 709

9.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру

1
мемлекеттік мекеме*

9 421 078

10 928 450

10.

Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру:

1)

Дербес деректерді қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық шаралары мен процестері

1
зерттеп-қарау объектісі

757 706

878 939

2)

Аспаптық сканерлеу

1
зерттеп-қарау объектісі

597 202

692 754

11.

Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1 қызмет*

170 018 924

197 221 952

12.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру

1 қызмет*

1 418 557 993

1 645 527 272

13.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу

1 қызмет**

618 458

717 411

      Ескертпе:

      * қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі;

      ** қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 131/нс бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына 2-қосымша

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

Р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Қосылған құн салығы ескерілмеген бағасы, теңге

Қосылған құн салығы ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыру, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізу

1 қызмет*

2 071 347 174

2 402 762 722

2.

Ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру

1 қызмет*

77 778 205

90 222 718

3.

Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыру, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу

1 қызмет*

270 296 083

313 543 456

      Ескертпе:

      * қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады