"Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 30/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшілерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыдан шығатын басқа да шаралар қабылдансын.

      3. Абай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 02 мамырдағы "Абай ауданының кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы" № 21/01 қаулысының 4 тармақ 3) тармақшасының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      Абай ауданының әкімі С. Оспанов

  Абай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 12 маусымдағы
№30/01 қаулысына қосымша

1. Жалпы ережелер

      1. "Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) өз құзыреті шегінде аудан аумағында мәдениет және тілдерді дамыту, ономастика салаларында функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Бөлімге келесі ведомстволық бағынысты ұйымдар қарайды:

      1) "Абай аудандық мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      2) "Абай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазыналық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен "Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан құқығы бар.

      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.

      8. "Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100100, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 3 ықшам ауданы, 43 үй.

      10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қаржылық қызметі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерінен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке кіріске жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіліктері

      13. Бөлім аудан аумағында мәдениет, тілдерді дамыту және ономастика саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді (ҚР "Мәдениет туралы", "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы", "Жарнама туралы", "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына және ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және басқа да заңдарға сәйкес).

      Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

      2) ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;

      3) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;

      4) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық-мәдени бірегейліктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;

      6) Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданылуын, қамтамасыз етілуін және қолданысын қолдау.

      14. Бөлімнің міндеттері:

      1) жеке және заңды тұлғалармен және мекемелерден ақпарат алуға және өңдеуге құқықты жүзеге асыру;

      2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.

      15. Бөлімнің функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің мәдениет және тілдерді дамыту, ономастика саласындағы шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

      2) өз құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдіктің қаулылар жобаларын дайындау;

      3) құзырына кіретін мәселелер бойынша жергілікті органдардың қызметін бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз ету;

      4) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізу жұмыстарын жүзеге асыру;

      5) кітапхана және мұражай, мәдени-демалыс жұмысы саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, сондай-ақ олардың қызметін қолдау мен үйлестіру жұмыстарын іске асыру;

      6) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      7) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

      8) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;

      9) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;

      10) ауданның аумағында тілдерді қолдану және дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

      11) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізу;

      12) облыстың атқарушы органдарында ауылдардың (селолардың, кенттердің), ауылдық (селолық) округтердің атауы және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      13) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған және өзгеде функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болған жағдайда)

      16. Бөлімнің басшылығы мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын іске асыруға тікелей жауапты болатын бірінші басшы мен басшының орынбасарына жүктеледі.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Өз құзыреті шегінде бөлімнің барлық мамандары орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, шарттар жасасады және нұсқаулар береді;

      2) бөлім қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың қызметтік міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;

      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;

      4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкіміне бекітілген тәртіпке сай шешімдер мен қаулылар жобасын ұсына алады;

      5) құжаттардың орындалу барысын ұйымдастырады және бақылауын жүргізеді, олардың сақталуына жауап береді;

      6) ведомстволық бағынысты мекемелер, кәсіпорындар туралы жарғыларды (ереже) бекітеді;

      7) азаматтарды жеке қабылдайды;

      8) бөлім басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      20. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иелікке шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады