Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді) сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен бекітілген бюджет аясында қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Саран қаласының әкімі | Д. Бұлқайыр |
| "2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "23" желтоқсандағы № 104/08 қаулысына қосымша |
Бір қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№ | Мекемелердің түрлері | Қызмет алушылардың түрлері | Бір қызмет алушыға бір күнге тариф (теңге) | |
Кіші белгі | Қызмет алушының жағдайы | |||
1 | Үйде қызмет көрсету | 2899,57 | ||
