"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13 тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2 тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.М. Қожақапанов тағайындалсын.
3. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 02 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| М. Кожухов |
