Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 32/01 "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6415-09 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы "6" тамыздағы №43/18 қаулысына қосымша |
Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Өнім бірлігіне субсидия нормативі теңге/литр, теңге/килограмм |
1 | 2 | 3 |
Сүт | Сары май | 49,9 |