"Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 34/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі №22/11 "Жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымын өзгерту туралы" қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы №13/12 "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы", 2023 жылғы 22 тамыздағы №59/05 "Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулылары жойылсын.

      3. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдансын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аким Карагандинской области Е. Булекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/04 қаулысына
қосымша

"Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді, азық-түлік қауіпсіздігін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомствосы жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

      Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, И. Лободы көшесі, 20 үй.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілерді басқаруға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. "Қарағанды облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      Негізгі міндеттер:

      1. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің тұрақты өсуі негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      2. Табиғи-климаттық жағдайларды және нарықтық конъюнктураны ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және техникалық жарақтандыруды арттыру.

      3. Тұқым шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      4. Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру.

      5. Қарағанды облысының аумағында азық - түлік балансын құру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын, астық пен жеміс-көкөніс өнімдерінің резервтік қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      6. Құзыреті шегінде ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру.

      7. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінде және облыстың жергілікті атқарушы органының құқықтық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде Қарағанды облысының аумағында жер қатынастарын реттеу.

      Функциялар:

      1. Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру.

      2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру.

      3. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу.

      4. Ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру.

      5. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуді жүзеге асыру.

      6. Қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялау.

      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету.

      8. Тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларының есебін жүргізуді және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілікті ұсынуды жүзеге асыру.

      9. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау.

      10. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды жүзеге асыру.

      11. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру.

      12. Астық қолхаттарын шығарумен қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру.

      13. Бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне Минералды тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру.

      14. Өңірлерде Техникалық реттеу саласындағы сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету бойынша бәсекелестік орта құру жөнінде шаралар қабылдау.

      15. Басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауды жүзеге асыру

      16. Астық қабылдау кәсіпорындарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

      17. Әкімшілік аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру.

      18. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру.

      19. Астық қабылдау кәсіпорындарының: Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру.

      20. Қазақстан Республикасының Астық туралы заңнамасын бұзу туралы нұсқамалар беруді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды жүзеге асыру.

      21. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

      22. Облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің машина-трактор паркін пайдалану және пайдалану тиімділігіне талдау жүргізу.

      23. Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында ауыл шаруашылығы техникасының болуына мониторинг жүргізу және есепке алу.

      24. Маусымдық дала жұмыстары кезеңінде облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жеңілдікті ЖЖМ-мен қамтамасыз етуді бақылауды және мониторингті жүзеге асыру.

      25. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттаудан өткізуді жүзеге асыру.

      26. Облыс, республикалық маңызы бар қала және Астана бойынша тұқым балансын жасау.

      27. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сақтандыру және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына құзыреті шегінде жәрдемдесуді жүзеге асыру.

      28. Тиісті аумақта тұқым ресурстарына мониторинг жүргізу.

      29. Субсидияланған түпнұсқа және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру.

      30. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру.

      31. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольді және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау.

      32. Асыл тұқымды малдардың, оның ішінде гендік қоры шектеулі тұқымдардың гендік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру.

      33. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      34. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті шегінде "Жайылымдар туралы" ҚР Заңының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру.

      35. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау.

      36. Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасуды жүзеге асыру.

      37. Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды дамытуды жүзеге асыру.

      38. Мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқару функцияларын жүзеге асыру.

      39. Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін) жер учаскелерін беру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру. бірлескен барлау және өндіру бойынша. барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану, магистральдық құбырларды, мұнай және газды қайта өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау), индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары үшін, кәсіпкерлік қызметке сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Кодексімен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту туралы, сондай-ақ пайдалы қазбалар кен орындарын тауып, игеру кезінде, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша.

      40. Облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарына және олардың тәжірибелік шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым шаруашылығы шаруашылықтары мен асыл тұқымды зауыттарға жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру.

      41. Жасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін беру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру.

      42. Облыстың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру.

      43. Жерді резервтеу бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру.

      44. Өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін айқындауды жүзеге асыру.

      45. Жерге орналастыруды жүргізуді және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекітуді ұйымдастыру.

      46. Облыс жерлерін ұтымды пайдалану бойынша жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру.

      47. Өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру.

      48. Жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізуді жүзеге асыру.

      49. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыс жерлерінің балансын жасауды жүзеге асыру.

      50. Облыстың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру.

      51. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру.

      52. Жер-кадастрлық жоспарды бекітуді жүзеге асыру.

      53. Жер қатынастары саласында цифрлық технологияларды дамытуды жүзеге асыру.

      54. Облыстың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою және тексеру нәтижелерін қабылдау жөніндегі комиссияны құру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру.

      55. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      56. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

      57. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстың даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсыныстар беру.

      58. Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алу және облыстың ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ұсыныстар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру.

      59. Қарағанды облысының ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, үйлестіруді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, облыс әкіміне және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне айдың, тоқсанның, жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша ақпарат дайындау және жолдау.

      60. Ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыруды жүзеге асыру, ақпараттық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар бойынша тиімділікті бағалау жұмыстарын жүргізу.

      61. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру.

      62. Қарағанды облысының аумағында азық - түлік балансын құру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын, астық пен жеміс-көкөніс өнімдерінің резервтік қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      63. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен ұсынылған өзге де функцияларды пайдалану.

      Құқықтар:

      1. Өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, аудандардың, қалалардың, өзге де ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың меншік нысанына қарамастан, оларға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға ақпарат беруге міндетті.

      2. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы функцияларды жүзеге асыратын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінен және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарынан есептілікті және ағымдағы ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға.

      3. Тиісті органдарға басқару құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

      4. Өз атынан, сондай-ақ облыс әкімдігі мен әкімінің атынан сот органдарында талапкер ретінде әрекет ету.

      5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берілген өзге де құқықтарды пайдалану.

      Міндеттер:

      1. Агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету, дамушы нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайту, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша Мемлекеттік аграрлық саясатты іске асыру жөнінде шаралар қабылдау.

      2. Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары саласында жергілікті атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге мониторинг жүргізу, жергілікті атқарушы органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, жер заңнамасына қайшы келетін актілердің күші жойылды деп тану не күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізу.

      3. Облыс әкіміне, облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдары жұмысының тиімділігін арттыру, жауапты тұлғаларға қатысты тиісті ден қою шараларын қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізу.

      4. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары жұмысының тиімділігін арттыру бойынша жауапты тұлғаларға қатысты тиісті ден қою шараларын қабылдау бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдеріне ұсынымдар енгізсін.

      5. Өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.

      6. Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

      7. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру.

      8. Жобалық басқару тетіктерін іске асыру шеңберінде Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін олардың құрамына тарта отырып, Басқарманың құзыретіне кіретін бағыттар бойынша және квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен өзге де ұйымдар өкілдерінің келісімі бойынша жобалық кеңселер құруға бастамашылық жасау.

      9. Қызметті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыру.

      10. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде басқарманың негізгі қызметіне қайшы келмейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      1. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына міндеттерді басқаруға және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      2. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      3. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      4. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Өз құзыреті шегінде Басқарманың барлық бөлімшелерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады және нұсқаулар береді, шарттар жасасады.

      2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді.

      3) Өзінің орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

      4) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды.

      5) Заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады.

      6) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда басқарма атынан өкілдік етеді.

      7) Құжаттардың орындалу барысын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

      8) Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін дербес жауапты болады.

      9) Басқарма қызметінің жекелеген бағыттарына басшылық жасағаны үшін орынбасарлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының, мамандардың жауапкершілік дәрежесін белгілейді.

      5. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      6. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      7. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      8. Алқалы органдар қарастырылмаған.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      1. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы мүлкі оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      2. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      3. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      4. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық органдар мен мекемелер көзделмеген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады