Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және әдіснама департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 26 мамырдағы № 4-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымын қалыптастыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында мемлекеттік тапсырманы орындаудың құнын айқындау тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2. Мемлекеттік тапсырманың (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) құнын айқындау кезінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес орындаушының көрсетілетін қызмет құнының есебінде көрсетілген, негіздейтін құжаттармен расталған тікелей және жанама шығыстары ескеріледі.
3. Орындаушының тікелей шығыстарына қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығыстар жатады.
4. Орындаушының жанама шығыстарына тұтастай орындаушының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ қызмет көрсету процесінде тікелей тұтынылмайтын шығыстар жатады.
5. Шығыстарды есепке алудың тікелей әдісі қызмет құнын айқындаудың есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.
Қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ = ТШ + ЖШ
мұнда,
Қ – қызмет құны;
ТШ – тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар.
6. Көрсетілетін қызметтің құнын айқындау кезінде орындаушының тікелей және жанама шығыстарына жатпайтын, сондай-ақ негіздейтін құжаттармен расталмаған шығыстар ескерілмейді.
7. Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызмет құнына сыйлықақы төлемдеріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар кірмейді.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына қосымша |
_______________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті орындаушының атауы)
_______________________________________________________________
(мемлекеттік тапсырманың атауы)
20 ___ жылға арналған көрсетілетін
қызметтер құнының есебі
Бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның атауы
____________________________________________________________________
Р/т | Шығыстар баптарының атауы | 1 бірліктің бағасы, теңгемен | Саны |
Сомасы, | Қысқаша негіздеме |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
20__ жылға БАРЛЫҒЫ | |||||
1. | Тікелей шығыстар: | ||||
1.1. | Еңбекақы төлеу қоры (штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың жалақысы) | ||||
1.2. | Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар және жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру | ||||
1.3. | Іссапар шығыстары (штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың) | ||||
1.4. | Тауарлар мен материалдарды сатып алу (кеңсе тауарлары мен шығыс материалдары, дипломдар мен төсбелгілер) | ||||
1.5. | Үй-жайды жалға алуға арналған шығыстар және пайдалану шығыстары | ||||
1.6. | Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстар (қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың жұмыс орны) | ||||
1.7. | Аударма қызметтеріне, инфографикаға және типографиялық қызметтерге арналған шығыстар | ||||
1.8. | Цифрлық кітапханаларға және электрондық дерекқорларға қосылу бойынша шығыстар | ||||
1.9. | Материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстар (ақпараттық жүйелерді, патенттерді және басқаларын пайдалану құқығы) | ||||
1.10. | Пошта байланысы, интернет, телефония (ұялы байланыс қызметтерін қоспағанда), хостинг және доменге, интернет-ресурстарды әзірлеуге және күтіп-ұстауға арналған шығыстар | ||||
1.11. | Зерттеу материалдарын жариялауға байланысты шығыстар | ||||
2. | Жанама шығыстар: | ||||
2.1. | Әкімшілік-басқару персоналының жалақысы | ||||
2.2. | Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар | ||||
2.3. | Қаржы-шаруашылық шығыстар (материалдарды, қорларды және негізгі құралдарды (әкімшілік-басқару персоналының жұмыс орны) сатып алу, негізгі құралдардың амортизациясы, салықтар мен алымдар, байланыс қызметтеріне, көлік қызметтеріне, пайдалану қызметтеріне, ақпараттық жүйелерге қол жеткізу қызметіне ақы төлеу, іссапар шығыстары және әкімшілік жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бойынша шығыстар) |
Бірінші басшы ______________ ______________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)
Бас бухгалтер ______________ ______________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)