"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 28 қарашадағы № 406 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырсын:

      "22-1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 325-НҚ, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 391, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 717, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 494 және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 586/НҚ бұйрықтарымен бекітілген ""Тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" пилоттық жобаны іске асыру туралы" Бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру;".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Қалиақпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады