Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 26 маусымдағы № 208 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағының он үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күні қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
Т. Ластаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Көлік министрінің
  2025 жылғы 26 маусымдағы
  № 208 бұйрығымен
  бекітілген

Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттары (бұдан әрі – Ең төменгі стандарттар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағының оң үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді.

      2. Ең төменгі стандарттар астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және елді мекендердің көшелерін салуды, реконструкциялауды, күрделі және орташа жөндеуді қаржыландыруды есептеуде пайдалануға арналған.

      3. Осы Ең төменгі стандарттарда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) әкімшілік-аумақтық бірлік – астана, республикалық маңызы бар қалалар және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) аумағындағы облыстар бойынша елді мекендер;

      2) объектілердің санаттары бойынша ішкі жолдар – қалаішілік жолдар: астана, республикалық маңызы бар қалалар және ҚР аумағындағы облыстар бойынша елді мекендер.

2-тарау. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттарын қаржыландыру есебі

      4. Ең төменгі стандарттарын қаржыландыру есебі жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының көлемін айқындау кезінде қолданылады.

      5. Ең төменгі стандарттарын қаржыландыру есебі астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктермен) келісім бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және елді мекендердің көшелерінің (бұдан әрі – көшелер) ұзындығына сәйкес қалыптастырады және әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      V = V+V2, мұнда:

      V – қаржы жылына арналған көшелерді салуды, реконструкциялауды, күрделі және орташа жөндеуді қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі, мың теңге;

      V – қаржы жылына арналған әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша көшелерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне (бұдан әрі – ӨСЖ) сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29 бұйрығы), мың теңге;

      мұнда:

     


      мұнда:

     

– барлық әкімшілік – аумақтық бірлік бойынша бюджет қаражатының жиынтық көлемі;

     

– ағымдағы баға деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша автомобиль жолдарының III техникалық санатына көшелердің 1 километрін салудың және реконструкциялаудың құны, мың теңге;

      Lкөш.сөж.i – 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған автомобиль жолдары желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша көшелерінің ӨСЖ сәйкес қатты жабынға дейін қамтамасыз етілуінің ұзындығы, шақырым,

     


     

– 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған автомобиль жолдары желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша көшелерінің жалпы ұзындығы, шақырым,

      J – ӨСЖ сәйкес көшелердің қатты жабынға дейін жеткіліксіз жабдықталу пайызы, %,

      мұнда:

     


      мұнда:

     

– ӨСЖ сәйкес объектілер санаттары бойынша ішкі жолдарды қатты жабынмен қамтамасыз ету пайызы,

     

– 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған автомобиль жолдары желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша көшелерінің асфальт-бетон, цемент-бетон жамылғымен ұзындығы, шақырым;

     

– 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған автомобиль жолдары желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша көшелерінің қара қиыршық тас жамылғымен ұзындығы, шақырым;

     

– 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған автомобиль жолдары желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша көшелерінің жалпы ұзындығы, шақырым,

      3 – үш жылдық кезең;

      K – 2025 жылға қарай жоспарланған жылдың құрылыстағы баға индексінің өзгеру коэффициенті:

      K=A/B, мұнда:

      А – "Құрылысқа арналған құн индекстері" ҚР ББСНҚ 8.04-07-2024 сәйкес жоспарлы жылдың баға индексінің коэффициенті;

      B – "Құрылысқа арналған құн индекстері" ҚР ББСНҚ 8.04-07-2024 сәйкес 2025 жылға баға индексінің коэффициенті;

      V2– қаржы жылына арналған әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша көшелердің күрделі және орташа жөндеуді қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі, мың теңге;

      мұнда:

     


      мұнда:

     

– барлық әкімшілік – аумақтық бірлік бойынша бюджет қаражатының жиынтық көлемі

     

– 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған автомобиль жолдары желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша көшелерінің асфальт-бетон, цемент-бетон жамылғымен ұзындығы, шақырым;

     

– 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған автомобиль жолдары желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша көшелерінің қара қиыршық тас жамылғымен ұзындығы, шақырым;

      Т – көшелердің тозу пайызы, %;

      N – ағымдағы баға деңгейінде өңірлер бойынша көшелердін III техникалық санаттағы 1 километр автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеудің құны, мың теңге;

      F – жолдың еніне байланысты 1 километр көшенің күрделі және орташа жөндеудің құнына коэффициент:

      астана мен республикалық маңызы бар қалалар үшін = 2,

      облыстық маңызы бар қалалар үшін = 1,5,

      басқа қалалар мен елді мекендер үшін = 1.

      K – 2025 жылға қарай жоспарланған жылдың құрылыстағы баға индексінің өзгеру коэффициенті:

      K=A/B, мұнда:

      А – "Құрылысқа арналған құн индекстері" ҚР ББСНҚ 8.04-07-2024 сәйкес жоспарлы жылдың баға индексінің коэффициенті;

      B – "Құрылысқа арналған құн индекстері" ҚР ББСНҚ 8.04-07-2024 сәйкес 2025 жылға баға индексінің коэффициенті.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚР ББСНҚ – Қазақстан Республикасының баға белгілеу және сметалар бойынша нормативтік құжаттар;

      қмж – құрылыс-монтаж жұмыстары;

      иқ – инжинирингтік қызметтер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады